ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air Cairo" египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Air Cairo" әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен А-320 типті әуе кемелерінде тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Билік Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік әрі мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген сенімде.