Егіс алқабын сақтандыру үшін шаруа не істеу керек?

965

Еліміздің шаруалары егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандыра алады. Оны үйден шықпай-ақ Qoldau.kz порталы арқылы жүзеге асыруға болады.  

Егіс алқабын сақтандыру үшін шаруа не істеу керек?

Сақтандыру құнының жартысын мемлекет төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ-ге сілтемемен.

  • электронды цифрлық қолтаңба арқылы сайтқа тіркелу;
  • жеке кабинетке кіру;
  • тізімнен тәуекелі басым сақтандырылуы тиіс егіс алқабын таңдау;
  • сақтандыру компаниясын таңдау (Жусан Гарант, Виктория, Номад иншуранс);
  • сақтандыру құнының 50 %-н төлеу.

Осы қарапайым процедуралардан кейін фермер күн сайын жеке кабинеті арқылы топырақтағы ылғал деңгейін бақылауға мүмкіндік алады. Ол үшін үнемі онлайнда болудың қажеті жоқ. Егер жүйе ылғал жетіспеушілігін немесе артық мөлшерін тіркесе, фермер электронды поштасы арқылы хабарлама ала алады. Осыдан кейін электронды цифрлық қолтаңба арқылы төлем өтінішіне қол қоюы керек.

Барлық процесс автоматтандырылған және сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайы тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде төлем жасалады.

Ылғал тапшылығынан болатын тәуекелдерді сақтандыру индексі үш кезеңді қамтиды.

  • Бірінші кезең: 15 мамырдан 14 маусымға дейін; 
  • екінші кезең: 15 маусымнан 14 шілдеге дейін;
  • үшінші кезеңі: 15 шілдеден 14 тамызға дейін.

Осы кезеңдердің әрқайсысы үшін жүйеде өз триггерлері қойылады. Яғни, сақтандыру жағдайы іске қосылатын нүктелер мен кезеңдердің әрқайсысына төлемдер қарастырылған.

Топырақтағы ылғал деңгейін анықтаудың толық процесі, триггерлер мен басқа да параметрлер шаруаның жеке кабинетіне жіберіліп тұрады.

Қазақстанның көптеген аймағында түскен қардың және топырақтағы ылғал қорының аздығын ескере отырып, сарапшылар биыл жазда құрғақшылық болады деп болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу