Егіс алқаптарына өрттен залал келтірілген жағдайда шығын өтеледі

563

Қостанай облысында орман өрті ауыл шаруашылығы алқаптарына таралған жоқ.

Егіс алқаптарына өрттен залал келтірілген жағдайда шығын өтеледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлім етті, деп жазады деп inbusiness.kz.

"Қостанай облысы әкімдігінің ресми ақпаратына сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарына өрт таралған жоқ. Облыста Төтенше жағдайлар министрі бастаған комиссия жұмыс істеуде, залал анықталған жағдайда оны өтеу мәселесі Төтенше жағдайлар туралы заң аясында шешілетін болады. Егерде ауыл шаруашылығы егістіктері зардап шегетін болса, тауар өндірушілерге зиян келсе, шығындар бағаланып, толығымен өтеледі", – деді спикер. 

Оның айтуынша, Қостанай облысында жалпы орылған алқап шамамен 4 млн гектарды құрайды.

Бұған дейін Қостанай облысындағы алапат өртке байланысты жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілген. Өрт аумағы орман қорының 43 мың гектарын құрайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт елді мекендерге қауіп төндірмейді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу