Қарағанды облысында 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 1121,9 мың га құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға өсті, деп хабарлайды stat.gov.kz.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ең көп егістік алқабын шаруа немесе фермер қожалықтары құрайды, олардың облыста егін егудің негізі үлесі 54,3%. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және жұртшылық шаруашылықтарының егістік үлестерінде 45,1% және 0,6%.
2017 жылғы егістік ақабын 2016 жылмен салыстырғанда Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 4,6%-ға, Шаруа немесе фермер қожалықтарында 3,4%-ға өсті. Жұртшылық шаруашылықтары бойынша егістіктің 5,5%-ға азаюы байқалды.
Дәнді және бұршақты дақылдардың, майлы және бақша дақылдарының көбейуі есебінен егістік алқабының өсуі байқалады.
2016 жылмен салыстырғанда дәнді және бұршақты дақылдардың егістік алқабы 6,3%-ға өсті, 794,7 мың гектарды құрады. Дәнді және бұршақты дақылдарының егістік құрылымының негізгі үлесін - 79,2%-ын бидай құрайды. Арпаның үлесі 17,8%-ды, сұлы - 1,9%-ды құрайды тағы басқа дәнді және дәнді дақылдар – 1,1% құрайды.
2016 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егістік алқабы 12,2%-ға өсті және 15,1 мың гектарды құрады. Майлы дақылдардың егістік алқабының 58,3%-ын шашақты зығыр, 21,4%-ын күнбағыс, 10%-ын қыша және 7,6%-ын мақсары құрайды.
2016 жылмен салыстырғанда бақша дақылдардың егістік алқабы 30,8%-ға көбейді және 24,2 мың гектарды құрады. Бақша дақылдарының егістік алқабы құрылымының 58,7%-ы қарбызға, 41,3%-ы қауынға кетеді.
Картоптың, ашық топырақта өсірілген көкөністердің және мал азықтық дақылдардың егістік алқабы азайды, сәйкесінше 2,6%, 5,9% және 2,2%, 13,4 мың гектар, 2,8 мың гектар және 295,8 мың гектарды құрайды. 2017 жылғы егістік алқабының 2016 жылмен салыстырғанда 11 өңірде өсуі байқалды.
Ең көп өсу Жезқазған және Сәтбаев қалаларында сәйкесінше 10,4% және 6,4%, Ұлытау, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында сәйкесінше 7,2%-ға, 7,1%, 5,9%, және 5,6%-ға байқалды.