eGov, e-Otinish, Aitu сервистері нөлдік баланс кезінде де қолжетімді болады

167

Тиісті нормалар заң жобасында көзделген.  

eGov, e-Otinish, Aitu сервистері нөлдік баланс кезінде де қолжетімді болады Фото: КазТАГ

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік сервистерге трафигі есептелмейтін, яғни тарифсіз қолжетімділік енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрі Жаслан Мəдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, азаматтар eGov, e-Otinish, Aitu ұлттық мессенджері жəне өзге де қосымшаларды нөлдік баланс кезінде де пайдалана алады. Яғни, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік сервистерге трафигі есептелмейтін, яғни тарифсіз қолжетімділік енгізіледі. 

"Бұдан басқа, төтенше жағдайлар кезінде жедел əрекет ету үшін "112" қызметіне адамның орналасқан жерін айқындау мүмкіндігі өтеусіз берілетін болады", – деді министр.

Жаслан Мəдиев биыл республикалық маңызы бар автожолдар, ал келесі жылы негізгі облыстық автожолдар мобильді интернетпен қамтылатынын атап өтті. 

"Сондай-ақ, спутниктік интернет арқылы ел аумағы толық қамтылады. Биыл спутниктік интернетті пойыздар мен ұшақтарға енгізу жоспарланған. Өңірде алғаш рет Direct-to-Cell технологиясы қолданылуда. Ол азаматтарға Қазақстанның кез келген жерінен ұялы телефон арқылы интернетке қосылуға мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін Каспий теңізінің түбімен өтетін оптикалық кабельдің құрылысы аяқталады. Бұл бағыт – гиперскейлер мен ірі халықаралық технологиялық компаниялардың Қазақстанда дата-центрдерді орналастыруы үшін маңызды талаптардың бірі", – деп түсіндірді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу