eGov қосымшасында тағы бір цифрлық құжат қолжетімді болмақ

475

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – аңшы куәлігі пайда болды.  

eGov қосымшасында тағы бір цифрлық құжат қолжетімді болмақ Фото: Хабар24

Бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бастап ресімдеген азаматтар ғана пайдалана алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжат жеке тұлғаға Қазақстан аумағында аң аулауға рұқсат береді.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 млн-нан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Заңда электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың және олардың қағаздағы баламасының баламалылығы бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу