eGov.kz қызметтерін пайдаланушылардың үлесі азаюда

573

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ең белсенді пайдаланушылар Қарағанды ​​облысының тұрғындары болды. 

eGov.kz қызметтерін пайдаланушылардың үлесі азаюда

Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес, 2021 жылы үй шаруашылығындағылардың  26,7%-ы электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1 пайыз аз. 2021 жылдың нәтижесі Қазақстанда цифрландырудың дамуына қарамастан соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 30,8%, 2019 жылы – 30,4%, 2018 жылы – 34,6%, 2017 жылы – 33,2%-ды құрады.

Өңірлік бойынша айтсақ, электронды мемлекеттік қызметтерді ең белсенді пайдаланушылар Қарағанды ​​облысының тұрғындары болды. Респонденттердің 43,1%-ы қызметтерді пайдаланды.

Үздік үштікке Алматы (пайдаланушылардың 36,4%) және Шығыс Қазақстан (пайдаланушылардың 35,7%) облыстары да кірді.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ең аз пайдаланатын өңір – Маңғыстау облысының тұрғындары. Сондай-ақ  Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы да осы қатарға кірді.

eGov.kz сайтындағы ең танымал қызмет үкімет сайты арқылы ақпарат алу болды. Қызметті респонденттердің 22,3%-ы пайдаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу