eGov.kz онлайн тіркелу қызметін іске қосты

5279

eGov.kz онлайн тіркелу қызметін іске қосты

Бүгінгі күні Қазақстанның электронды үкіметінің eGov.kz порталында азаматтардың тұрғылықты жеріне уақытша тіркеу қызметі қолжетімді болды.

Ол қызметті пайдалану үшін тұрғын үй иесі мен онда тіркелуге ниет білдірген азаматта электронды санды қолтаңба болуы және порталда тіркелуі қажет.

Қызмет "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімінде, "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" қосымша парағында қолжетімді.

"Онлайн қызметке тапсырыс беру" түймесін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті азамат тұрғын үйдің меншік иесі екенін көрсетуі тиіс.

Егер де өтініш беруші – жылжымайтын мүлік иесі болса, ол мекенжайды, тіркелу мерзімін (1 айдан 12 айға дейін) көрсетуі тиіс, сонан соң онлайн түрде көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеп, электронды санды қолтаңбамен өтінімге қол қоюы тиіс.

Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелу мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет. Егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғаны "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталады. Меншік иесі өз келісімін электронды санды қолтаңбамен растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың жеке кабинетіне оралады. Оған мемлекеттік баж төлемін онлайн жүргізіп, өзінің сұрауына электронды санды қолтаңбамен қол қоюы қажет.

Осыдан кейін өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне әрі кеткенде 10 минут уақыт кетеді. Өңделіп болған соң порталда "Уақытша мекенжайдың тіркелуі сәтті түрде өтті" деген мәртебе беріледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып, уақытша тіркелген мекенжайды тексеруге болады.

eGov.kz порталында уақытша тіркелу қызметі арқылы баланы тіркеуге болмайтынын ескертеміз. Баланы тіркеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) мемлекеттік корпорациясының бөліміне жүгіну қажет.

eGov.kz немесе ХҚКО арқылы уақытша тіркелу жөніндегі барлық сұраққа тәулік бойы тегін жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, жауап алуға болады. Барынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай байланыс орталығында биылғы жылдың басынан бері операторлар саны көбейтіліп, олардың жұмыс кестесі қайта қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу