eGov.kz пен eGov Mobile-да жаңа әлеуметтік қызмет түрі қолжетімді

703

EGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет түрі іске қосылды. 

eGov.kz пен eGov Mobile-да жаңа әлеуметтік қызмет түрі қолжетімді Фото: БЗЖҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бұл қызмет түрінің ерекшелігі қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық дерек мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде алынады. Егер деректер дұрыс енгізілсе, онда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранға шығады.

Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін мұндай қызмет түрі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетіліп, көп уақыт алған көрінеді.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ командасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті және сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұрын еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдерді алу үшін анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну керек болатын, қазір қызметті алу процесі жеңілдетілді, пайдаланушыға өз деректерінің дұрыстығын тексеріп, қызметке қол қою жеткілікті. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады", - деді компанияның Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

eGov.kz порталы "Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" қызметін алу үшін:  

-             eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;

-             басты бетте "Азаматтарға" - "Әлеуметтік қамтамасыз ету" - "Мүгедек адамдарды қолдау" өту қажет;

-             "Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" қызметін таңдау керек;

-             онлайн қызметке тапсырыс беру керек;

-             ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алуға болады.

Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні. 

Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) электрондық құжат пен сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.

Ал, eGov mobile мобильді қосымшасында бұл қызмет түрі "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар" бөлімінде қолжетімді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу