Электронды үкіметтің ресми порталы әлеуметтік желідегі парақшасына азаматтарды тұрғылықты жерге уақытша тіркемейтінін жазды.
"Құрметті пайдаланушылар! Тұрғылықты жерде уақытша тіркелу жөніндегі сұрақтарыңыз бойынша келесі хабарламамен танысуды өтінеміз. Порталымыздағы электронды қызметте тұрғылықты жерде УАҚЫТША тіркелу функциясы ескерілмеген. Ол қызмет тек қана тұрғылықты жерде ТҰРАҚТЫ тіркелу бойынша өтінімдерді қабылдап өңдейді. Бірқатар БАҚ-та жарияланған "eGov.kz порталы арқылы уақытша тіркелуге болады" деген ақпарат нақты мәліметке сәйкес емес. Тұрғылықты жерде уақытша тіркелу үшін ХҚКО-ға барып, өтініш жіберуіңіз қажет" делінген ресми жазбада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу