Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді

444

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. 

Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді Фото: tekelinews.kz

Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"29 сәуір сағат 21:00-ден 30 сәуір таңғы 06:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу