eGov.kz порталында әкімшілік айыппұлды тексеру бойынша қызмет іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Енді азаматтар онлайн режимінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама ала алады. Қызмет жеке тұлғаларға ЭЦҚ арқылы қолжетімді.
Қызмет паспортына сәйкес анықтама 15 минут ішінде, қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 жұмыс күні, шетелге шыққан жағдайда – 5 жұмыс күні ішінде өңделеді.
Бұл қызмет тек нақты уақытта төленбеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды көрсетеді, сондай-ақ олардың төлеу кезеңі бір жылдан азырақ уақытты құрайтын төленген айыппұлдарды да көрсетуі мүмкін.
2017 жылдан бастап бұл қызмет тек "ҚР бас прокуротурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне" және "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-ға жүгінген кезде ғана көрсетілетін еді.