eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

884

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

@EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметі іске қосылды, деп хабарлайды  "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Енді бот көмегімен азаматтар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты ала алады, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесін тексере алады.

Азамат "Мобильдік азаматтар базасында" тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі  ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.

Еске салсақ, 21-ші мамырда "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-бот іске қосылған еді.

Қазіргі таңда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы  тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу