eGov.kz және Ашық үкімет порталының, мобильді қосымшаның жұмысы қалпына келтірілді

938

Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.

eGov.kz және Ашық үкімет порталының, мобильді қосымшаның жұмысы қалпына келтірілді

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ элекрондық үкімет компоненттерінің, соның ішінде eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) жұмысы толық қалпына келтірілді.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.

"Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ақаулықтарға байланысты алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың үлкен ағыны күтілуде. Осыған орай түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.

Хабарламада сондай-ақ қазір орын алған техникалық ақаулықтардың себебі тексеріліп жатқандығы жазылған. Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу