EGov мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат қолжетімді болды

935

Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты – шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат.

EGov мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат қолжетімді болды Фото: ntime.kz

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – "Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты" қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты – шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат.

"Оны ресімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторазицияда өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі құжаттар тізімінен "Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын" басу қажет", - деп жазылған Цифрлық министрлік баспасөз хабарламасында.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда "Қате туралы хабарлау" батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу