EGov Mobile-да "Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты" сандық құжаты қолжетімді

569

Аталмыш құжат жеке тұлғаны анықтау үшін пайдаланылады.  

EGov Mobile-да "Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты" сандық құжаты қолжетімді Фото: gov.kz

Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты – шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторазициядан өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі құжаттар тізімінен "Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын" басу қажет.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда "Қате туралы хабарлау" батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 млн астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу