eGov Mobile қосымшасынан үлестік құрылыс объектілерін тексеруге болады

179

eGov Mobile мобильді қосымшасында сервис іске қосылды.  

eGov Mobile қосымшасынан үлестік құрылыс объектілерін тексеруге болады Фото: gov.kz

Оның көмегімен қазақстандықтар салынып жатқан үлестік құрылыс объектілерінің заңдылығын тексере алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.

"Жаңа сервис азаматтарға жылжымайтын мүлікке тәуекелді инвестицияларды белсенді түрде тексеруге және жосықсыз үлестік құрылыс компанияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қызмет енді барлық азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігіне жасалған тағы бір қадам", – атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу