eGov порталы мен сервистері жұмысын уақытша тоқтатады

450

Бұл туралы Қазақстан республикасының электрондық үкіметінінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

eGov порталы мен сервистері жұмысын уақытша тоқтатады  Фото: kapital.kz

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін"- делінген Қазақстан республикасының электрондық үкіметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу