eGov-та тағы бір құжат қолжетімді болды

559

Қызмет қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінім беруді көздейді.

eGov-та тағы бір құжат қолжетімді болды Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

"Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметі eGov.kz электрондық үкімет порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызмет қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінім беруді көздейді. Өңірлік квота қандастарды Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарын қоныстандыру үшін ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге бөлінеді.

Бұл ретте өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге субсидиялар және 12 ай ішінде жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 272 адам eGov.kz порталы арқылы өңірлік квота алуға өтініш берген. Жаңа қызметті eGov.kz порталында "Азаматтарға" - "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімінен табуға болады.

Дәл осы қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Қызметтер" - "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар" бөлімінде де қолжетімді. Қызмет нәтижесі қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім немесе бас тарту туралы жауап түрінде Жеке кабинетте 14 жұмыс күні ішінде пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу