eGov-та жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

1059

Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны жайында мәліметтерді беру мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырылды.

eGov-та жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.

"Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған. Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті. Қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру кезіндегі тиісті шектеу барлық лауазымдарға қолданылады. Бұрын бұл шектеулер басқарушылық функцияларды орындауға қатысты лауазымдарға арналған болатын", – делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қабылдануы және ұсынылуы www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің орындалу мерзімі – 10 минут. Қосымша деректерді анықтау ісі 5 күнге дейін созылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу