Корея ғалымдары ЕХРО көрмесінде сутегімен жүретін автокөлігін таныстырмақ. Бүгін бұл туралы журналистерге Корея павильоны директорының орынбасары Ким Джонг Хун мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.
Өткен ғасырдың 50-жылдары қуат көзіне мұқтаж болған бұл мемлекет бүгінде энергия үнемдеу саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен. Сондықтан ең соңғы технологияларымен бөлісуге дайын. Талайдың талпынысын көтеретін ұлық шарада күн батареялары, "смарт сити", "ақылды инфрақұрылым" секілді жобаларды паш етпек.
“Павильонымыздың екінші қабатында алдағы жылы Чеджу аралындағы Пхёнчхан қаласында өтетін олимпиада ойындарын виртуалды тамашалауға мүмкіндік жасадық. Мұнда белгілі әртістердің фотосуреттері мен бейнежазбаларын да көруге болады. Ал 18 шілдеде Қазақстанға танымал кореялық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтеді”, – дейді Корея павильоны директорының орынбасары Ким Джонг Хун.