ЕХРО қалашығында Кариб қоғамы елдерінің ұлттық күні аталып өтуде

738

ЕХРО қалашығында Кариб қоғамы елдерінің ұлттық күні аталып өтуде

ЕХРО қалашығында бүгін Кариб қоғамы елдерінің ұлттық күні аталып жатыр. Бұл мәдени бағдарлама Кариб қоғамына мүше 12 мемлекеттің ұлттық күні аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлығының арасындағы аралдарда орналасқан Барбадос, Белиз, Доминика, Гренада, Гайана, Гаити, Ямайка, Суринам секілді елдерге дүниежүзілік ЕХРО көрмесіне қатысудың өзі зор мәртебе саналады. Себебі, жер аумағы шағын ғана мемлекеттерді әлем толық біле бермегендіктен, олар осындай ауқымды шара арқылы тарихи-мәдени құндылықтарын таныстыруға мүмкіндік алып отыр. Біз үшін де Кариб аймағының көпшілікті қалай таң қалдыратыны ерекше қызықтырып тұр. Павильонда әр түрлі көрнекі бұйымдар мен естелік сыйлықтарды көріп, қызықтауға мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу