ЕХРО көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылады, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпарат көзінің дерегінше, олар – көрмеге тек белгіленген күні келуге құқық беретін 4 мың теңгелік билет, көрмеге аптаның кез келген күнінде баруға мүмкіндік беретін 6 мың теңгелік және 2 мың теңгелік кешкі билеттер. Яғни демалыс күндерге арналған билеттер енді болмайды. Ал абонемент 50%-ға арзандап, шілде ортасынан бастап 25 мың теңгеден сатылады. Сәйкесінше зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін абонемент құны 12 мың 500 теңгені құрайды.
ЕХРО-2017 көрмесі сауда департаментінің директоры Дәурен Еркінбаевтың айтуынша, бұл өзгерістер әлеуметтік маркетингтік зерттеулерден кейін енгізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу