Елімізде 35 178 адам короновирустан емделіп жатыр

634

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 сәуірдегі ақпарат.  

Елімізде 35 178 адам короновирустан емделіп жатыр

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасына сүйеніп.

"Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр, 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 2016 адамнан коронавирус анықталған. Ауырып емделіп жатқандардың 1197-сі жазылып шығыпты. Осылайша, елде індет тіркелгелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 273825-ке жеткен. Олардың 235862-сі жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу