Еілімізде алғаш рет өкпені жасанды желдету аппараты құрастырылып жатыр

1178

Отандық өндірушілер жыл соңына дейін 3 мың өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады.

Еілімізде алғаш рет өкпені жасанды желдету аппараты құрастырылып жатыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов елдегі өкпені жасанды желдету аппараттарын шығару мәселесіне тоқталды. 

"Қажеттілікті есепке ала отырып, отандық өндірушілер жыл соңына дейін 3 мың өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады. Бұл – айына 550 дана. Алғашқы ӨЖЖ аппараты осы айда құрастырылады. Қосымша қажеттілік туындаса, басқа да өндірушілер айына 280, яғни жыл соңына дейін 1900 аппарат жасап шығады", – деп айтып өтті Аманияз Ержанов.

Вице-министрдің сөзінше, алғашқы аппарат қазір Денсаулық сақтау министрлігіне сынақтан өткізуге берілген.

"Сынақ сәтті өтсе, кәсіпорындар аппараттарды құрастыруға дереу кіріседі. Шетелдік әріптестер технологиялар мен құрамдас бөлшектерді бізге тапсырады. Ал "Тыныс" акционерлік қоғамы мобилді ӨЖЖ аппараттарын жасауды қолға алды. Компания шілде айының соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 дана мобильді ӨЖЖ аппаратын жеткізеді. Кәсіпорынның айына 500 ӨЖЖ аппаратын шығаруға мүмкіндігі бар. Сондықтан елдегі қажеттілікті біліп, әзір болу үшін барлық өңірге қанша аппарат қажет екенін хабарлауы үшін хат жолдадық. Бұдан бөлек, жедел жәрдем көліктеріне мобильді қондырғылар орнату үшін еліміздің көлік құрастырушыларымен жұмыс жасап жатырмыз. Осылайша қосымша қажеттілікті ескере отырып, отандық өндірушілер жылдың соңына дейін 4930 стационарлық және 2695 мобильді ӨЖЖ аппаратын жасайды", – деді ол.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу