"Ей, дауысыңды көтерме": Шымкент әкімінің полицейге дөрекі ескерту жасағаны талқыға түсті

585

Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз. 

"Ей, дауысыңды көтерме": Шымкент әкімінің полицейге дөрекі ескерту жасағаны талқыға түсті Фото: видео скриншот

Желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеодан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкімнің артқа бұрылып полицейге ескерту жасағанын көруге болады. 

“Ей, даусыңды көтермей сөйле, қалай-қалай сөйлейсің! Бар арғы жаққа. Жақындамасын. Ары тұр”, – дейді әкім. 

Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары әкімнің ескертуінің тым дөрекі екенін айтып, сынға алды.

Кейбір желі қолданушылары әкімнің әрекетін көзбояушылық, алдын ала келісілген жағдай деп бағалаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу