Эйфель мұнарасы қайта ашылды

401

Париждің әйгілі Эйфель мұнарасы алты күнге созылған ереуілден кейін қала тұрғындары мен туристер үшін қайта ашылды.  

Эйфель мұнарасы қайта ашылды Фото: AFP

Себебі, қызметкерлердің осы нысанға көңіл бөлу және жалақыны көтеру туралы талаптары орындалуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Мұнараны жөндеу жұмыстарына 2031 жылға дейін 380 миллион еуро бөлінетін болды. Ал айлықты өсіру туралы келіссөздер басталып кеткен.

Айта кетсек, Франция астанасында биыл шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і аралығында Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Онда жеңімпаздарға табысталатын медальдар осы тарихи ескерткіштен алынған алтыбұрышты кесектерден жасалған екен. Эйфель мұнарасы 135 жыл бұрын салынды. Оның биіктігі - 330 метр. Жыл он екі ай ашық тұратын мұнара былтыр зейнетақы реформасына қарсы шерулер кезінде 10 күнге жабылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу