Эйфель мұнарасы жабылды

370

Париждегі Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.  

Эйфель мұнарасы жабылды Фото: IStock

Оған қызметкерлерінің ереуілі себеп. Наразы топ еңбек шартын жақсартуды сұрайды. Қазір жазғы Олимпиада ойындарының алдында монументті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Ереуілге қатысушылардың айтуынша, Париж мэриясы бұған аз ақша бөлген. Ал, қызметкерлердің жүктемесі көп.

Айта кеткен жөн, Эйфель мұнарасы Парижде туристердің ең жиі баратын орындардың бірі. Жыл сайын мұнда 6 миллион адам келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу