"Эйр Астана" әуе компаниясы Ресейдегі ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты

775

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясы Ресейдегі ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты

"Эйр Астана" әуе компаниясы Ресейдегі ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты, ресейлік тұтынушылар және жеткізушілермен келісім-шарттар шектелді.  

Мұндай шешім, әуе компаниясының Ресейге рейстерін тоқтатуына байланысты қабылданды.  

Бұған дейін тасымалдаушы Новосібірде өзінің әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің кешенді түрін (C-check) жүргізді. Енді компания Нұр-Сұлтан әуежайындағы өз базасында дербес техникалық қызмет көрсететін болады.  

"Авиакомпания Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификатын алған.  Техникалық қызмет көрсетудің мұндай түрін жүргізу бұрын авиакомпанияның авиациялық-техникалық орталығын дамыту жоспарларына енгізілген", – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Айта кететіні, C-check (si-check) – 15-24 айда бір немесе 7500 ұшу сағаты сайын орындалатын техникалық қызмет көрсету түрі. Бұл тексеріс ұшақты белгілі бір уақытқа (екі апта тәртібімен) пайдалануды тоқтатуды талап етеді. Сонымен қатар әдетте үлкен әуежай ангарында жүргізіледі. Бұл тексерудің уақыты көптеген факторларға, атап айтқанда, әуе кемесінің түріне байланысты.

"Эйр Астана" алғаш рет 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A320 нео ұшағын C-check жүргізді.

2021 жылдың қараша айында авиакомпания Нұр-Сұлтан әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A321 ұшағына күрделі жөндеу жасады.

2021 жылдың күзінде "Эйр Астана" кешенді техникалық қызмет көрсету бойынша EASA (Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі) сертификатын алды.  Бұған дейін ұйым техникалық қызмет көрсетудің мұндай түрлері Еуропада, Ресейде және Қытайда жүргізіп келген.

2022 жылдың 11 наурызында әуе компаниясы Ресейге барлық рейстерді тоқтатты. 

"Ресей Федерациясынан және оның аумағынан коммерциялық рейстерді сақтандырудың тоқтатылуына байланысты осы бағыттағы рейстер орындалмайтынын хабарлаймыз", – деді тасымалдаушы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу