"Эйр Астана" рейсті кешіктіргені үшін тағы да айыппұл арқалады

635

Авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салынған.

 "Эйр Астана" рейсті кешіктіргені үшін тағы да айыппұл арқалады

16 шілдеде "Эйр Астана" компаниялар тобына кіретін "Fly Arystan" бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталған. ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, компания бұндай жағдайда жолаушыларға көрсетілуі керек тиісті қызметтерді орындамаған, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған",- деп жазылған комитет хабарламасында.

Осыған байланысты, 4 тамызда авиакомпанияға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 тг.) мөлшерінде айыппұл салынған.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың сөзінше, бұл "Эйр Астана" әуекомпаниясы тобының рейс кешіктірілген кезде жолаушылар құқықтарының бұзылуы себебінен өткен айда жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартудың төртінші жағдайы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу