"Эйр Астана" шылым шеккен жолаушыларды қатаң жазаламақ

1437

2019 жылдың мамырынан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

"Эйр Астана" шылым шеккен жолаушыларды қатаң жазаламақ

2019 жылдың сәуірінде ҚР Президенті Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің "Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындарда тұтынуға тыйымды бұзу" 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Түзетулерге сәйкес, Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрады, яғни 126 250 теңге. 2015 жылы айыппұл мөлшері 3 айлық есептік көрсеткішке (5 946 теңге) тең болған еді. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамырдан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

Былтыр 2015 жылмен салыстырғанда "Эйр Астана" бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34 пайызға өскен. Яғни 123 оқиғадан 166 оқиғаға дейін ұлғайған. Мұндай заң бұзушылықтар Алматы мен Ыстамбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде жиі орын алады.

Осыған орай "Эйр Астана" әуе компаниясы жолаушыларды ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Себебі ұшу қауіпсіздігі компанияның ең басты құндылығы болып есептеледі. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны үшін барған елдің заңына сәйкес, шара қолдануға жолаушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Басқа мемлекеттердің заңында әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шегумен теңелмей, елеулірек заң бұзушылыққа жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2500 фунт айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иенді құрайды (шамамен 4,8 мың АҚШ доллары).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу