"Эйр Астана" ұшағы Оралға қонуға мәжбүр болды

1048

Ұшақ қозғалтқыштарының бірінен ақау шыққан.

"Эйр Астана" ұшағы Оралға қонуға мәжбүр болды

21 желтоқсан сағат 22:40-та Франкфурт-Атырау бағытындағы "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлады, деп жазады 24.kz.

Сағат 23.22-де А321 NEO әуе кемесі Орал қаласының әуежайына қонды. ҚР инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық аваиция комитетінің мәлітемінше ұшақ бортында 64 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Орал қаласының қонақүйлеріне жолаушыларды орналастыру мәселесін шешуде. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу