"Эйр Астана" ұшағында жарылыс бола жаздады

1147

Ресми ведомство ақпаратты растады, алайда әуе компаниясы жоққа шығарып отыр. 

"Эйр Астана" ұшағында жарылыс бола жаздады

"Эйр Астана" әуе компаниясының Санкт-Петербор-Нұр-Сұлтан рейсінде жарылыс қаупі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"17 қарашадан 18 қарашаға қараған түні "Эйр Астана" әуе компаниясының КС 138 рейсінің Санкт-Петербор-Астана ұшағында жарылыс қаупі тіркелді", – деп жазылған хабарламада. 

Бірақ әуе компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығаруға асықты.

"Бұл жалған", – деді агенттікке әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі Тілек Әбдірахымов.

 Алайда ресми мемлекеттік органдар бұл ақпаратты растады.

"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы, "Эйр Астана" байланыс орталығына сағат 00:45-те (2021 жылғы 18 қараша) Пулково-Нұр-Сұлтан 138 рейсінің ықтимал жарылысы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 02:49-да Пулково-Нұр-Сұлтан 138 рейсінде жағдай реттелді", – деп хабарлады редакцияның сауалына жауап берген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу