"Эйр Астана" АҚ қазақстандық авиакомпаниясы KC 904/890 Амстердам – Атырау – Алматы рейсінің алынып тасталғанын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.
"Эйр Астана" әуе компаниясы 2017 жылғы 20 шілдеде ұшақтың екінші ұшқышы Амстердам әуежайында қан құрамында алкоголь барын тексеретін сынақтан өтпей қалғанын өкінішпен хабарлайды", — делінген сенбі күні жарияланған хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаны ішкі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Біз мұндай әрекетті лайықсыз деп санаймыз, сол себепті тергеу нәтижелері анықталған соң қызметкерге қатысты шара қолданамыз", — деп атап өтті "Эйр Астана" өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу