Ейскеде әскери ұшақ құлап, 13 адам қаза тапқан

527

Оқу-жаттығу мақсатымен ұшырылған ресейлік Су-34-тің бір қозғалтқышы істен шығып, көп қабатты тұрғын үйдің ауласына құлаған. Кейіннен өрт басталған. 

Ейскеде әскери ұшақ құлап, 13 адам қаза тапқан Фото: rbc.ru

ТЖМ мен Денсаулық сақтау Министрлігінің хабарлауынша, 13 адам қаза тапқан, 19 адам жараланған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Құтқарушылар әскери ұшақ құлағаннан кейін тұтанған өрт орнындағы үйінділерді талдауды аяқтады. 10 мәйіт табылды, құрбандардың жалпы саны 13-ке жетті. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар.

19 адам жараланды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында екі жүкті әйел бар.

ТЖМ үйінділерді талдау аяқталғанын, іздеу операциясы барысында 68 адам құтқарылып, 360-тан астамы эвакуацияланғанын айтты.

Аймақтың губернаторы Вениамин Кондратьев қара жамылған отбасыларға 1 миллион рубльден беріліп, тұрғын үйлердің қалпына келтірілетінін жеткізді. Оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу