Ейскедегі апаттан қаза тапқандар ертең жерленеді

608

Ал соңғы деректер бойынша, зардап шеккен үйдің 300-ге жуық тұрғыны өз пәтерлеріне қайта оралды.

Ейскедегі апаттан қаза тапқандар ертең жерленеді Фото: РИА Новости

Бұл туралы Ейск қаласының әкімшілігі хабарлады.

"Бейсенбіде Ейскедегі жаңа зиратта жеті адамнан тұратын отбасы мүшелері, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала жерленеді", – деді "РИА Новости" ақпарат агенттігі.

Жерлеу рәсімін аудан және қала әкімшіліктерінің күштері ұйымдастырады.

Ауласына Су-34 әскери ұшағы құлаған үйдің 300-ге жуық тұрғыны өз пәтерлеріне оралды, деп хабарлады "РИА Новости" қала әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта 300-ге жуық адам үйлеріне оралды", – деді ол.

 

Оның айтуынша, 150-ге жуық пәтерге тұрғындар қайта қоныстанған. Тек бір ғана уақытша орналастыру пункті жұмысын жалғастыруда.

Дүйсенбіде Ейскеге жақын маңдағы аэродромнан ұшып шыққан ресейлік Су-34 ұшағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің ауласына құлады.

Апат болған жерде ұшақтың отыны жана бастаған, салдарынан өрт көпқабатты үйге тарады. Қайғылы оқиғадан 15 адам қаза тауып, 26 адам зардап шекті, деп хабарлады Краснодар өлкесі әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу