Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 500 метр қашықтыққа жүгіруден бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Айдова 38,40 секунд уақыт көрсетіп, мәреге жетінші болып жетті.
Бірінші орынды голландиялық Фемке Кок, екінші орынды австриялық спортшы Ванесса Герцог және үшінші орынды Польша спортшысы Анжелика Войчик иеленді.
Еске сала кетсек, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Екатерина Айдова дәл осы қашықтықты 38.54 жүгіріп өтіп, 20-шы нәтиже көрсеткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу