Екатерина Айдова конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінің В финалында топ жарды

951

Қазақстандық Екатерина Айдова конькимен жүгіру бойынша әлем кубогі кезеңінің В финалында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Екатерина Айдова конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінің В финалында топ жарды

Солт-Лейк-Ситиде өтіп жатқан әлемдік додада ол 500 м қашықтық бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде тиісті қашықтықты 37,558 уақытта бағындырып, В финалында үздік атанды. 

Ресейлік Кристина Силаева (37,769) екінші орынға жайғасса, жапониялық Маки Цудзи (37,845) үшінші орынға ие болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу