Бүгін Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты ретінде ант та қабылдап үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланған.
Respublica партиясы фракциясының өкілін комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов "білім саласында өз орны бар маман" деп атады.
Екатерина Смолякова қазақ тілін жетік меңгерген.
– Екатерина Смолякова – біздің жаңа депутатымыз. Ол ҚБТУ-да проректор болып жұмыс істейді және қазақ тілін мінсіз меңгерген, – деп таныстырды паритя өкілі Бейбіт Әлібеков.
Айта кетерлік жайт, Екатерина Смолякова Руслан Берденовтің орнына келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу