Екатеринбургтен Ақтауға тікелей рейс іске қосылады

299

11 маусымнан бастап жолаушылар Кольцово әуежайынан Ақтауға ұша алады.

Екатеринбургтен Ақтауға тікелей рейс іске қосылады Фото: pixabay.com

Ресейлік Red Wings әуе компаниясы Екатеринбургтен Ақтауға жаңа тікелей рейс ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Рейстер жазғы маусым бойы аптасына екі рет орындалады. Бейсенбі күндері ұшақ жергілікті уақытпен сағат 09:10-да, сенбі күндері 06:10-да ұшады. Ұшу ұзақтығы – 2 сағат 30 минут. Бағытта ресейлік өңірлік Sukhoi Superjet 100 ұшағы пайдаланылады.

Ақтау Red Wings әуе компаниясының Екатеринбургтен ұшатын бағыттар картасындағы Қазақстанның үшінші қаласы атанды. Жолаушылар үшін Астана мен Алматыға да тікелей рейстер қолжетімді.

Әуе компания Ақтауды Қазақстанның батысындағы болашағы зор курорттық бағыт ретінде таныстырып отыр. Мұнда туристерге жағажай демалысы, табиғи және индустриялық ландшафттың ерекше үйлесімі ұсынылады.

Еске салсақ, Red Wings әуе компаниясы Екатеринбург пен Ақтау арасындағы рейстерді алғаш рет 2022 жылдың жазында іске қосқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу