Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен "Әйелдер микробизнесте" жаңа білім беру жобасын іске қосады. Жобаға Қазақстанның 14 облысынан 350 кәсіпкер әйел қатысады.
Жобаға қызметкерлер штаты 9 адамнан аспайтын және жылдық айналымының мөлшері 100 мың еуроға дейінгі әйелдер басқаратын микрокәсіпорындар қатыса алады.
"Біздің бағдарламамыз өзінің бизнесін енді ғана құра бастаған және қымбат несиелер алуға және жетекші сарапшыларды жалдауға әзірше дайын емес бизнес-леди үшін әзірленген. Бағдарлама шеңберінде осындай кәсіпкерлер тиімді бизнес-құралдарға қол жеткізіп, өзінің компаниясын жаңа деңгейге шығара алады",–дейді ЕҚДБ бағдарламасының үйлестірушісі Дамир Аюпов.
Барлық төрт тренингті коучингілік қолдау сүйемелдейді, оның шеңберінде қатысушылар да алған білімдерін тәжірибеде бекіту мүмкіндігі бар.
"Жобаның жаттықтырушылар-кеңесшілерінің командасы – ЕҚДБ серіктестікте кіші және орта бизнеспен көп жыл жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі адамдар. Біздің міндетіміз – микробизнес әйелдеріне бизнесті жүргізудің заманауи тәсілдерін қолдануға жәрдемдесу", - деп қосты "Диалог" тренинг және консалтинг компаниясының директоры Айжан Дүйсебаева.
Оқыту Қазақстанның 14 қаласында - Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Петропавловск, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау – 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін өтетін болады. Жобаны Алматыдағы қорытынды конференция аяқтайды, онда қорытындылар шығарылады, белсенді қатысушылар марапатталады, әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелері талқыланады.