Еуропалық қайта құру және даму банкіне (ЕҚДБ) жергілікті Kassa Nova банкі 11 миллион АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қазақстанда әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту мақсатында жүзеге асады.
6,6 миллион АҚШ долларына тең бірінші несие жергілікті микро, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) кредиттеу үшін ұлттық валюта теңгемен бөлінеді. ЕҚДБ қаражаты арқылы жергілікті компанияларға дамуы үшін маңызды қаржыландыру қолжетімді болады. Астана мен Алматыдан тыс аймақтарда қаражатты үлестіруге ерекше назар аударылатын болады.
Осыдан басқа, ЕҚДБ "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша әйелдер басқаратын МШОК несиелеу үшін Kassa Nova банкіне 4.4 миллион АҚШ долларын теңгемен береді. Осы бағдарлама шеңберінде ЕҚДБ қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бизнестің дамуына қызметтер ұсыну. Сонымен қатар, әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау және олардың бизнеске қатысуына қолдау көрсетеді.
Бұл мәміле 2009 жылы құрылған. Ол бөлшек сауда жасайтын клиенттер мен МШОК секторына қызмет көрсетуге маманданатын Kassa Nova банкі мен ЕҚДБ арасындағы алғашқы әріптестік.
ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти: "Біз Қазақстанда шағын бизнестің дамуын қолдайтын Kassa Nova банкімен әріптес болуға өте қуаныштымыз. МШОК дамуы ЕҚДБ басымдықтарының бірі, себебі жеке шағын бизнес халықтың барлық санаты үшін жұмыс орындарын қамтамасыз ететін кез-келген елдің экономикасының тірегі болып табылады" — деп мәлімдеді.
Kassa Nova банкінің басқарма төрағасы Шолпан Нұрымбетова: "Жаңа механизм көмегімен біз Қазақстанда барынша көп МШОК-тың дамуына қолдау көрсетуге ниеттіміз. Бізге үлкен көлемде және қолжетімді шарттармен шағын бизнеске қаржыландыру ұсынатын ЕҚДБ-мен әріптестікті бастауға қуаныштымыз" — деп атап өтті