ЕҚДБ Орталық Азиядағы жастар бизнесін дамытуға 200 миллион еуро қаражат бөледі

331

Бағдарлама өңірдегі жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған және мұнда халықтың үштен біріне дейін 35 жасқа толмаған. 

ЕҚДБ Орталық Азиядағы жастар бизнесін дамытуға 200 миллион еуро қаражат бөледі Фото: freepik

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Орталық Азия мен Моңғолияда "Бизнестегі жастар" бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеті жыл ішінде бағдарлама жас кәсіпкерлер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталатын болады. Кейіннен несиелеу үшін, ЕҚДБ 200 миллион еуро қаражат береді және аймақтағы 20 серіктес қаржы институттарын тартады.

Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар тренингтер, кеңестер (консультациялар) және тақырыптық іс-шараларға қатысады. Ал ЕҚДБ инвестициялары инклюзивті несиелендіру және жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін гранттар мен жеңілдікті қоса қаржыландыру түріндегі 30 миллион еуроға дейінгі пакетпен толықтырылады.

Айта кетейік, бағдарлама Қазақстан Үкіметінен, Шағын бизнеске жәрдемдесу қорынан және Еуропалық Одақтан қолдау алады. Бұл бастама Орталық Азияның жұмыспен қамтылуы мен ЖІӨ-де маңызды рөл атқаратын шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу