ЕҚДБ Павлодар қаласын жарықтандыруға 2,6 миллиард теңге несие бөлді

812

ЕҚДБ Павлодар қаласын жарықтандыруға 2,6 миллиард теңге несие бөлді

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Павлодар қаласын жарықтандыру жұмыстарына 2,6 млрд теңге несие бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕҚДБ Павлодар қаласының жарықтандыру жүйесін жетілдіруге, пайдалануға және қызмет көрсетуге жауапты "EverlightAlto" консорциумына 2,6 млрд теңге сомаға несие берді.

Атап өтілгендей, қазіргі таңда көшедегі шамдардың 82% жуығы жоғары қысымды және газ разрядты натрийлік, сапасы да өте төмен. Сыртқы жарықтандыруды бақылау шкафтарының 60% жарамсыз болып қалған. Ендігіде олар 12 мың жарық-диодты шамдар мен сыртқы жарықтандыруды басқарудың 70 заманауи шкафына алмастырылады. Сыртқы жарықтандыру жүйесін тиімді басқару үшін энергия тұтынуды төмендетуге және пайдалану шығындарын оңтайландыруға әсер ететін автоматтандырылған аппараттық және бағдарламалық жүйелер орнатылатын болады.

Келісімге Астана қаласында қол қойылды.

Айта кетейік, қазіргі күнде ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 8,7 миллиардтан астам АҚШ долларын инвестициялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу