ЕҚДБ президенті Қазақстан Үкіметін экожүйені жақсартуға шақырды

798

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоның айтуынша цифрландыру және инновациямен экология мәселесіне де баса назар аударған абзал, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕҚДБ президенті Қазақстан Үкіметін экожүйені жақсартуға шақырды

"Қазақстанның Президенті мен Үкіметінің арқасында пандемия кезінде жұмысымызды жүйелеп, оң нәтижелердің көбіне қол жеткіздік. Әйтсе де бұдан да жоғары әрі сапалы экономикалық нәтижелерге, экономиканың неғұрлым бәсекеге қабілетті салаларына бағыт алуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыс жеке секторға өзгерістердің кезеңінде қозғаушы күш болуға мүмкіндік болар еді. Цифрландыру мен инновацияны негізгі екі бағыт деп алсақ та, экологияландыруды да ұмытпауымыз керек. Цифрландыру саласында қол жеткізген нәтижелеріміз баршылық. Жалпы Қазақстанның Электронды Үкімет порталдары – жетекші жүйелердің бірі екенін атап өту керек. Бірақ сонымен бірге цифрлық салаға жеке сектордың инвестиция салуының да маңызы зор", - деді Одиль Рено-Бассо Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында онлайн режимде қатыса отырып.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті өз сөзінде Қазақстан Үкіметін экожүйені жақсартуға шақырды. 

"Ең бастысы, оқушыдан бастап ересектерге дейін халықтың техникалық сауаттылығын арттыруға барынша ресурс салған абзал. Бұл сіздердің ІТ және шығармашылық салаларды дамытып, жергілікті экспорттаушылардың бәсекедегі артықшылығын арттырады", - дейді Одиль Рено-Бассо.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу