ЕҚДБ "Самұрық-Энерго"-ға 46 млн евро көлемінде несие беруі мүмкін

659

Банктің директорлар кеңесі бұл жобаны 8 шілде күні талқылайды.

ЕҚДБ "Самұрық-Энерго"-ға 46 млн евро көлемінде несие беруі мүмкін

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) "Самұрық-Энерго" энергетикалық компаниясына 46 миллион евро көлемінде қысқа мерзімді несие беруі мүмкін, деп абарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Несие елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, кіріс уақытша төмендеген жағдайда "Самұрық-Энерго" компаниясының айналымдағы капиталына ықтимал қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталмақ. Кредит ұлттық валютада берілмек.

Банктің директорлар кеңесі бұл мәселені 8 шілде күні талқылайды.

Айта кетсек, "Самұрық-Энерго" АҚ – Қазақстандағы ең ірі өндірістік компаниялардың бірі. "Самұрық-Энерго" АҚ электр станцияларының қуаты 6133 МВт. Бұл елдегі бiрыңғай энергетика жүйесiнің электр станциялары қуатының 28%-ын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу