Екі адам сегіз метр биіктіктен құлап мерт болды

1105

Екі адам сегіз метр биіктіктен құлап мерт болды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жұмысшы токқа түсіп, мерт болды, - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана ауылының тұсында болған оқиға кезінде көшені жарықтандырумен айналысқан жұмысшылар сақтық шараларын сақтамаған. Шымкент-Термез тас жолының бойындағы жоғары кернеулі электр бағанасына шыққан кезде тоқ ұрып, 8 метр биіктіктен құлаған екі жұмысшы сол жерде қайтыс болған.

Қазір осы дерек  бойынша қылмыстық іс қозғалып, құзырлы мекемемен анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу