Апаттан тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы KAZ Minerals тобы мәлім етті.
"16 маусымда түнгі сағат 22.00-де Орловский шахтасындағы жару жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Жарақат алған тағы бір адам аудандық аурханаға жеткізілді",– деп жазылған топтың ресми мәлімдемесінде.
Қазір апаттың неден және қалай болғаны анықталып жатыр. Осы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
KAZ Minerals – Қазақстандағы мыс өндіретін жетекші өндірушілердің бірі. Бұл жерде сонымен қатар мырыш, күміс, алтын өндіріледі. Бұл топтың құрамына бірнеше қазақстандық кәсіпорын және Қырғызстандағы алтын-мыс кеніші кіреді.
Табиғат Нұрболат