Екі адам зорлықпен өлтірілген түнгі клубтың директоры ұсталды

402

 Қылмысқа қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды. 

Екі адам зорлықпен өлтірілген түнгі клубтың  директоры ұсталды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны, уақытылы медициналық  көмек көрсету  шараларын қабылдамағаны үшін айыпталып отыр.  Қазір қылмысқа қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды.  Оның ішінде 3 күдікті жасырынып жүрген жерлерінен Астана қаласынан ұсталды.

Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін тәртіп сақшылары қаладағы барлық көңіл-көтеру орындарында азаматтардың  қауіпсіздігі қаншалықты сақталған,  күзет қызметін атқарып отырғандардың арнайы лицензиясы бар ма жоқ па, соны тексермекші.

Естеріңізге салсақ, 26 қазанда Ақтөбеде өзен жағасынан зорлықпен өлтірілген  екі адамның мәйіті табылған болатын.  Тексеру барысында марқұмның бірі  27 , екіншісі  31  жастағы ер адам екені анықталды. Белгілі болғандай, марқұм жігіттер Темір ауданынан келген. Екеуі  қолкүрестен облыстық жарысқа қатысқаны белгілі болды. Облыстық спорт басқармасындағылардың айтынша, біреуі жүлделі екінші орын, екіншісі 5 орын алған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу