Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті "ізін суытпай" анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді", – деп жазады ақпарат көзі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу